Сейсенбі, 26 қараша, 22:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арман Аманжолов: Көп ойланбай, соңынан секірдім

22.08.2022

369

0

Қызылорда қаласында төрт метрлік құдыққа түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалды.

Оқиға 19 тамыз күні орын алған. Баланың шұңқырға түсіп кеткенін көрген жасөспірім бірден құтқару үшін құдыққа түскен.

Жасөспірім баланы аман-есен алып шыққан. Өзі де еш жарақат алмаған. Құдыққа құлап кеткен баланың ата-анасы медициналық көмекті қажет етпеген.

Төтенше жағдайлар департаментінің бұл фактіні тіркемегені белгілі болды. Осыған байланысты батыр баланың аты-жөнін анықтау мүмкін болмаған.

Кейін белгілі болғандай, жас құтқарушы 15 жастағы Арман Аманжолов Арал ауданы Бөген ауылының тумасы екен. Жасөспірім облыс орталығына колледжге құжат тапсыру үшін келген. Сол күні ол көшеде келе жатып, кішкентай баланың анасының алдында жүгіріп жүргенін көреді. Бір уақытта анасы айқайлап, көмек шақырады.

«Мен кішкентай баланың құдыққа құлап кеткенін көрдім. Көп ойланбай, соңынан секірдім. Менде тек бір ғана ой: баланы құтқарып қалу болды», – дейді Арман Аманжолов.

Осы уақытта көмекке ер адам келіп, кішкентай баланы, одан кейін Арманның өзін құдықтан шығарып алады.

Арман Аманжолов көп балалы отбасының кенжесі. Ол Қызылордаға М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне инженер-электрик мамандығы бойынша оқуға түсу үшін келген. Қазір Арман комиссияның қорытындысын күтіп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика