Жексенбі, 25 қаңтар, 15:10

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ардагерлер кеңесінің кезекті IX конференциясы өтті

23.01.2026

33

0

618354998 1188995280088381 3361767041494016826 n

Бүгін «Достық үйінде» облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті IX конференциясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қалалық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде облыстық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері, кеңестің тексеру комиссиясының есебі, сайлау мәселелері қаралды.

Жиында облыс әкімнің орынбасары Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген маңызды бастамаларға тоқталып, ардагерлерге көрсетілетін тұрақты қолдаулар жайлы айтты.

617594233 1188994883421754 1569966822144932579 n

«Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды» деп, өңіріміз үшін айрықша мәнге ие маңызды бастамаларды атап өтті. Қызылорда қаласында драма театрдың жаңа ғимаратының, тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхананың құрылысы басталатыны белгілі болды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің «Қызылорда – Ақтөбе» бағытындағы бөлігін кеңейту, «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолының құрылысын бастау – көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы аса ауқымды жобалар.

Күні кеше Ұлттық құрылтайдың қорытындысы бойынша Олжас Абайұлының төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында біздің облысқа қатысты мәселелер қозғалып, салалық министрліктерге нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше қолдауы бізді жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді», – деді М.Шермағанбет.

Басқосуда Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының ІХ съезіне бекітілген квота бойынша 4 делегат сайланды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кеңестің белсенді мүшелері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

619391535 1188996096754966 2644547577604926032 n
617377548 1188996136754962 3190914473073946289 n

Аймақта қарттарды әлеуметтік қолдау мен медициналық қызмет сапасын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соңғы үш жылда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек 1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге, ал оларға теңестірілгендерге және тыл ардагерлеріне 90 мыңнан 196 мың теңгеге дейін артты.

Өткен жылы 1 700-ге жуық ардагерге бір реттік көмек көрсетілді. Бірнеше жылдан бері «Сыр мейірімі» жобасы аясында 225 жалғызбасты қарт, әлеуметтік осал топтағы азаматтар күнделікті ыстық тамақпен қамтылады.

Сонымен қатар, меценаттардың қолдауымен 130-дан астам ардагер еліміздің түрлі шипажайларында демалды. Жыл сайын 2 мыңнан астам егде жастағы азаматқа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінді.

617609116 1188995076755068 7473551787348915047 n
617145630 1188994916755084 7887109433332712979 n
619139787 1188995100088399 8976806811479752487 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика