Жұма, 12 желтоқсан, 20:57

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

10.12.2025

19

0

598569170 1157076866613556 3311596654184593793 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Арал ауданы аумағында «PetroRetail» ЖШС-нің жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, аталған серіктестіктің даму жөніндегі директоры Бахытжан Тасанбаев, жауапты сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа бастамаға ізгі тілегін жеткізді.

«Мемлекет басшымыз ұсынған «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты ел дамуының темірқазығына айналды. Бұл халықтың ынтымағын нығайтып, мемлекеттің қуатын арттырады.

Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолында Сыр халқы да бекем бірліктің, ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. Жол бойындағы сервисті дамыту үшін автокөлікке газ құю компрессорлық станциялары бар көпфункционалды кешендер салынуда. Оған «Qazaq Oil», «Compass», «Алаш Метан», «Dom» сияқты компаниялар тартылып, жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Жақын арада тағы екі заманауи газ құю станциясы пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында Кіші Аралды сақтап қалу және «Сексеуіл-Бейнеу» бағытындағы автомобиль жолы құрылысын жеделдетіп бастауды тапсырды.

Бұл Мемлекет басшысының Сыр өңіріне, Аралға деген көзқарасының ерекше екенін байқатады. Ауқымды жоба аймағымыздың экономикалық әлеуетін арттыра түспек. Кешеннің жұмысы табысты, табысы берекелі болсын!», – деді Қ.Нұртай.

598436880 1157076779946898 6666532655598628602 n

Рәсімде ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен серіктестік қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Бахытжан Тасанбаев тұрғындарды құттықтады. Еңбек ардагері Алдаберген Жоланов бата берді.

Айта кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің бойында 55 жол бойы сервистік кешені жұмыс істейді.

«PetroRetail» серіктестігінің В санатты кешені 2 млрд. теңгеге салынған. Инвестициялық жоба аясында заманауи талаптарға сай келетін 31 орындық қонақ үй, 20 келушіге қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орны іске қосылды, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

598526615 1157076893280220 126245448795262933 n
598363363 1157076983280211 7975645001000508694 n
598360970 1157076996613543 4870020477921127383 n
597899783 1157076776613565 7383963032390017562 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика