Бейсенбі, 25 желтоқсан, 12:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал қаласында 60 пәтерлік 30 тұрғын үй табысталды

24.12.2025

6

0

603098576 1167025718952004 253320014211051798 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа жыл қарсаңында Арал қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арнап жаңадан салынған 60 пәтерлік 30 тұрғын үйді табыстау рәсімі өтті. Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихаттың төрағасы, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Аймақ басшысы құрылыс саласындағы, оның ішінде тұрғын үй құрылысындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

605611767 1167025785618664 3458217438443932833 n

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға жәрдем береді» деп атап өткен болатын.

Өңіріміз қарқынды құрылыс алаңына айналып, 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынды. Кейінгі үш жылда тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер табысталды.

Алғаш рет барлық ауданда 1 800-ге жуық жаңа пәтер жерлестерімізге берілді. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 322 пәтерлік 161 тұрғын үй аудандарда бой көтеруде.

Бүгін – мемлекет қолдауымен баспаналы болған әрбір отбасы үшін ерекше күн! Жаңа жыл қарсаңында жаңа үйдің кілтін алып, отбасылық мерекені өз үйінде қарсы алу қуанышты еселей түседі.

Қоныстарыңыз құтты, іргетасы берік, қабырғасы мығым, ішіндегі әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

603895312 1167025848951991 5893039458921974719 n

Іс-шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға, құрылыс мекемесінің мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұралы Оспанов батасын берді.

606266682 1167025825618660 6220289352024567146 n

Арал ауданында құрылыс және инфрақұрылымдық жобалар жоспарға сай жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 300 орындық «Келешек мектебі», «Руханият орталығы», қамқорлық және оңалту орталығы, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған 150 пәтерлік 75 тұрғын үй, сондай-ақ теміржол үстінен өтетін көпір пайдалануға берілді.

Сексеуіл кенті табиғи газға қосылып, 300 орындық мектеп пен 40 төсектік аурухана ел игілігіне табысталды. Тоқабай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынды. Сонымен қатар демеушілер есебінен апатты мектептің орнына тұрғызылған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл ауыл жақында таза ауыз сумен қамтылды.

Ақшатау ауылындағы 60 орындық жаңа мектеп шәкірттер игілігіне айналды. Ақбасты және Ерімбетжаға ауылдарына таза ауыз су жеткізілді. Жақын күндері Абай ауылына ауыз су қосу жұмыстары аяқталады.

602002184 1167025742285335 3410245348448361911 n
603850251 1167025898951986 1045590218156140250 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика