Жұма, 12 желтоқсан, 20:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал ауданындағы Ерімбетжаға елді мекеніне ауыз су жеткізілді

11.12.2025

23

0

596816300 1157196076601635 7511706894086794808 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Арал ауданы Ерімбетжаға елді мекеніне ауыз су қосу рәсімі өтті. Рәсімге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, жауапты сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.

Мұрат Тлеумбетов ауыл тұрғындарын құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтті.

595397759 1157195986601644 58597

«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар, жасампаз жобалар табысты іске асырылуда. Қала мен аудан орталықтарының, ауылдардың сәулеттік келбеті күн сайын жаңарып келеді.

Мемлекет басшысы 2025 жылы еліміздің барлық аймағын ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету туралы тапсырма берген болатын. Облыс аумағында 2022 жылдан бері 14 млрд. теңгенің 60 жобасы қолға алынған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 98,6 пайыз болды. Биыл 9 елді мекенге ауыз су жеткізілуде. Бүгін міне, Ерімбетжаға елді мекеніне қосамыз.

Игіліктің бастауындай болған бүгінгі қуаныш барша отбасыға бақыт пен шаттық әкелсін!», – деді М. Тлеумбетов.

596004388 1157195983268311 3039497055150890304 n
597131619 1157196163268293 4578023773223778959 n

Жиында ел дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдері мен ауылға су тартқан мердігер мекеменің өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, ардагер Назыбек Жұбалиев бата берді.

Биыл 8 млрд 100 млн. теңгеге Арал ауданындағы Абай, Тоқабай, 1 млрд. 45 млн. теңгеге Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін ауыз сумен қамту жобалары жүзеге асты. Қазір 1 млрд. 166 млн. теңгеге Тастүбек елді мекеніне су жеткізу жұмысы жүргізілуде. Осылайша өңірдегі барлық елді мекен 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Ерімбетжағаға су жеткізу жобасына 1 022 350 млрд.теңге, оның ішінде арнаулы қордан 636 325 млн. теңге бөлінген.

595171314 1157196046601638 5576480937707479260 n
597621277 1157196196601623 7432035384530780357 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика