Жұма, 16 қаңтар, 13:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақтөбе облысының делегациясы Сыр өңіріне келді

15.01.2026

38

0

615039461 1182722884048954 3435531082276016914 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сыр өңіріне Ақтөбе облысының ресми делегациясы іссапармен келді. Сапардың мақсаты – өңіраралық әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді байланыс орнату.

Қонақтарды облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қабылдады. Онда тараптар әлеуметтік және экономикалық бағыттар бойынша пікір алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі.

Сапар аясында ақтөбеліктер өңірдегі жаңа нысандармен танысты. Ең алдымен халықаралық стандарттарға және УЕФА талаптарына сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадионды көрді. Аумағы 20 мың шаршы метр ғимараттың жасыл алаңнан бөлек, бокс, дзюдо, грек-рим, еркін күрес, фитнес, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика залдары бар. Спорт залдар келушілерге үздіксіз әрі сапалы қызмет етеді.

615881173 1182723034048939 4325459698891566591 n
615221733 1182723040715605 7575532888149465983 n

Ақтөбелік делегация Президент саябағын, сол жағалаудағы тарихи-өлкетану музейін де көрді. Саябақты қайта жаңғыртуды Alem Qurylys AQ серіктестігі қолға алған. Қайта жаңғырту жобасына түзету енгізіліп, мұндағы құрылыстар қатарына 300 орындық балалар лагері мен қысқы бақ қосылды.

614179518 1182722887382287 1571979984815986587 n
615512523 1182723114048931 2393568648894245074 n

Жоба аясында бірнеше нысан мен қоғамдық кеңістіктер салу көзделген. Атап айтқанда, аллея, субұрқақ, амфитеатр, спорт және би алаңдары, балалар ойын алаңдары, workout пен демалыс аймақтары қарастырылған. Сонымен қатар фудкорт, теннис үстелдері, айналмалы дөңгелек аттракцион, тамақтану орындары, велосипед және жүгіру жолақтары салынады. Бұдан бөлек сахна, сарқырама каналдары мен олардың үстінен өтетін көпірлер, сондай-ақ шахмат, баскетбол және футбол алаңдары жоспарланған.

Ботаникалық бақ аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Абаттандырылатын жалпы аумақ 2,41 гектар, бақ ішіне Оңтүстік Африка, Оңтүстік және Орталық Америка, Қытай, Жапония, Мадагаскарда өсетін жасыл желек отырғызылады.

615245823 1182722930715616 5806414054578952472 n

Балалар лагерінің құрылысына 6,02 гектар жер бөлінген, бұл аумақта әкімшілік ғимарат, іс-шараларға арналған ивент-аймақ, 4 тұрғын корпус, қонақүй үлгісіндегі шағын ғимарат, 5 дәстүрлі киіз үй, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы, сахна, өзге де демалыс және техникалық нысандар салу жоспарланған.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика