Сейсенбі, 26 қараша, 13:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

14.07.2023

224

0

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы өте терең Қара теңіз циклоны ықпалымен қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Келе жатқан циклон елдің көп бөлігінде күннің жаңбырлы болуына ықпал етеді. Найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей кездері қатты жаңбыр жауады», — делінген синоптиктер болжамында.

Күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін:

Қазақстанның солтүстігінде ауаның температурасы +20+25 градустан +25 + 33 градусқа дейін,

солтүстік-батыста +18+30 градустан 25+33 градусқа дейін,

орталықта +25+33 градустан +32+39 градусқа дейін,

оңтүстікте +25+35 градустан +35+42 градусқа дейін көтеріледі.

Елдің батысында ауа температурасының +22+35 градусқа дейін, ал шығыста +27+35 градусқа дейін төмендеуі болжанды.

Оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика