Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Арал ауданына жұмыс сапары басталды.
Сапар аясында аймақ басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын білім ордасының іргетасын қалау рәсіміне, 130 орындық жаңа бөбекжай-балабақшасының ашылуына қатысып, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға жаңа пәтер кілтін табыстайды.
Мұнан бөлек, Нұрлыбек Нәлібаевтың Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы фитоорман-мелиорациялық жұмыстармен танысады және құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдау өткізеді деп жоспарлануда.