Сейсенбі, 14 қазан, 15:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы Тәуелсіздік даңғылын жаңғыртудың екінші кезеңіндегі жұмыстармен танысты

03.10.2025

36

0

557622896 1101452762175967 898833238914968058 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа жылу-электр орталығында және Тәуелсіздік даңғылын жаңғыртудың екінші кезеңінде атқарылған жұмыстармен танысты.

Қызылорда қаласында электр және жылу энергиясын өндіретін жаңа орталық құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Инвестор «Aksa Energy» түрік компаниясы қолға алған жобаның жалпы құны 215 млрд.теңге, осы уақытқа дейін 178 млрд.теңгеден астам инвестиция салынды.

Негізгі 2 газ турбиналық қондырғы (General Electric, АҚШ), бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), 2 бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен 4 жылу қазандығы (Mimsan, Түркия) салынуда. Құрылысқа қажетті өзге де материалдар жергілікті өндірушілерден алынған.

Бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге жаңа орталыққа дейін 45 шақырым газ құбырының, автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы жүргізілді.

Тәуелсіздік даңғылын жаңғыртудың екінші кезеңінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ұзындығы 2,867 шақырым, ені 14 метрлік төрт жолақты автожолмен қатар, ені 6 метрлік жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынды.

Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, 329 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. Осы жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті.

557778442 1101452808842629 577337012960881085 n
558919142 1101452892175954 7065622772947914847 n
559936908 1101452822175961 2704511973358738458 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика