Жексенбі, 23 ақпан, 02:18

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы Сырдария ауданының тұрғындарын қабылдады

21.02.2025

54

0

480502266 931645475823364 222749
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге «Руханият орталығының» жұмысымен танысты, тұрғындарды жеке қабылдады.

Жеке қабылдауға келген 81 азамат электр желілерін жаңғырту, мектеп салу, жарық бағаналарын орнату, теміржол өткелін салу, көше атауын беру, абаттандыру, тағы басқа мәселелерді көтерді.

Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғыны электр желілерін қайта жаңғырту мәселесін қозғады. Аймақ басшысы аталған елді мекенде 30 шақырым электр желілері және 7 трансформатор түнгі жарықпен толықтай қамтылатынын жеткізді. Кент тұрғыны «Жайлы мектеп» салу мәселесін көтерді. Бүгінде «РесПроект» серіктестігінің демеушілігімен 300 орындық білім ошағының жобасы әзірленуде.

Қабылдауға келушілер құқық қорғау органдарының басшыларына өз сауалдарын қойып, олардың заңды шешіміне қатысты кеңес алды. Мұндай кездесулердің жұртшылық сұранысына жедел үн қату, мәселені шұғыл шешудегі маңызы зор. Кейінгі жылдары жеке қабылдау туралы алдын ала хабарланған тұрғындар дәстүрге айналған бастамаға ризашылық білдіруде.

Сапар барысында облыс әкімі еңбек ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда өңірдің, ауданның дамуындағы жаңашылдықтар мен түйткілді мәселелер, атқарылған істер мен алдағы міндеттер туралы айтылды.

480842011 931646522489926 739907

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика