Жұма, 01 тамыз, 11:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

30.07.2025

16

0

525680214 1050357907285453 36022 (1)
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзенінің бойындағы Қызылорда су торабына барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты.

1956 жылы іске қосылған стратегиялық маңызды нысан аймақтың ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде негізгі рөл атқарады. Су торабы арқылы Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарындағы 120 мың гектар суармалы алқап, 250 мың гектар жайылым мен шабындық суарылады. Сонымен қатар, гидротехникалық кешен тасқын судың алдын алу және өзен ағысын реттеу міндетін атқарады.

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді
Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

Қызылорда су торабы республикалық меншікте, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК теңгерімінде. Нысанның су өткізу қуаты жаз айларында 1200 м³/сек, қыс мезгілінде 500-600 м³/сек.

Су торабы арқылы «Сол жаға» және «Оң жаға» магистральді каналдарына су жеткізіледі. «Сол жаға» каналы 225 м³/сек су өткізе алады, 90 мың гектар жерді қамтиды, оның 45 мың гектары – күріш егістігі. Ал «Оң жаға» каналының жобалық қуаты 110 м³/сек. Бұл арна арқылы Қызылорда қаласы аумағындағы бау-бақша, шабындық және жайылымдық алқаптарға су беріледі.

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді
Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді
Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика