Сәрсенбі, 31 желтоқсан, 13:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы «Қызылорда автобус паркі», «Қызылорда су жүйесі» мекемесі қызметкерлерімен кездесті

30.12.2025

5

0

608156083 1171334091854500 3307382149958844691 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қызылорда автобус паркі», «Қызылорда су жүйесі» мекемелеріне барып, қызметкерлерді Жаңа жылмен құттықтады. Кездесу барысында өңірде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуда атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды.

603081567 1171333978521178 704521075774592950 n

«Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен жаңа жобалар сәтті жүзеге асуда. Кейінгі жылдары өңірдегі ең өзекті мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларға қаражат бөлінді.

Сіздер қала тұрғындарына уақытпен санаспай, сапалы қызмет көрсетіп келесіздер. Тұрмыс-тіршілігімізге жайлылық сыйлап, аса маңызды салалардың дамуына зор үлес қостыңыздар.

Алдағы жылда игі істеріміз жалғасын тауып, Жаңа жыл кең байтақ елімізге молшылығы мен тоқшылығын, қасиетті жерімізге бақ-берекесін ала келсін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында қаладағы қалыпты тіршілікті қамтамасыз ету саласында аянбай еңбек етіп, тәулік бойы үздіксіз жұмыс жасайтын сала қызметкерлері, еңбек адамдары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бүгінде «Қызылорда автобус паркінде» 300 автобус бар, 32 бағыт бойынша тұрақты қызмет көрсетеді. Серіктестікте 729 қызметкер еңбек етеді.

607711305 1171334181854491 7007774208504348593 n

Электр автомобильдерін сатып алу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, 100 автомобиль жеткізілді. Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалы саласында қызмет көрсетіп келеді.

Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырма бергені белгілі. Осыдан соң қызылордалықтардың арманына айналған мәселе оң шешімін тапты. Бұл мақсатқа 26 млрд. 200 млн. теңге бөлініп, 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асты.

Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды. Екінші кезең бойынша 15,2 млрд.теңге қаржыға 237 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтылуда.

Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд. теңгеге 61 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жеткізілді. Сондай-ақ, арнаулы мемлекеттік қордан 10,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. ​

605720623 1171334141854495 6709047670918808628 n
607616334 1171334035187839 7760212337191378144 n
607436132 1171334015187841 4927642515288827391 n
600361187 1171334065187836 8319811280176995286 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика