Жұма, 22 тамыз, 20:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы құрылыс нысандарын аралады

21.08.2025

17

0

538034635 1067893738865203 1556030728905604898 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен «Сәулет» мөлтек ауданындағы жаңа жиһаз цехының құрылыс барысымен танысты. Бүгінде цехтың өндірістік қуаттылығы жылына 35 мың дана дайын өнім шығаруға жетеді. Толық іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жобаны қаржыландыру үшін «Өңірлік инвестициялық орталықтан» берілген 59 млн теңге несиеге заманауи өндірістік құрал-жабдықтар сатып алынды. 22 жылдық тарихы бар «Панабек» серіктестігі нарыққа сапалы, заманауи әрі қолжетімді жиһаз ұсынып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына және халықты жұмыспен қамтуға елеулі үлес қосып келеді.

default
534394821 1067893692198541 3646911024793181698 n

Әрі қарай аймақ басшысы «Қызылорда Нан» ЖШС-нің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешенінің жұмысын көрді. Нан-тоқаш цехы толық автоматтандырылған және тәулігіне 7 тонна өнім өндіреді. Жақын арада өндірістік қуаттылығын тәулігіне 15 тоннаға дейін арттыру жоспарлануда. Өнімнің 30%-ы кәсіпорынның жеке сауда желісі арқылы, ал 70%-ы Қызылорда қаласы мен оған іргелес елді мекендерге жеткізіледі.

534813113 1067901955531048 8666566421053269797 n

Келесі нысан — «Қызылорда–Құмкөл» автожолының көлік жолайрығы. Қазіргі таңда көпірдің 5 кіреберіс қанаты асфальтталды, негізгі үстіңгі бөлігіне қиыршық тас, 800 метріне асфальт төселді.

default

Әрі қарай, «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылының жалғасқан құрылысын да көрді. Мұнда 4 жолақты автожолмен қатар, ені 6 метр жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынады. Құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС атқаруда.

default

Аймақ басшысы 11 мың орындық жаңа стадионның құрылыс алаңына барды. Жаңа спорт нысаны жанынан 1000 орындық автотұрақ пен 40 орындық VIP тұрақ қарастырылған. Ғимараттың батыс секторында спортшыларға арналған жаттығу алаңы, жуыну аймақтары, киім ауыстыру бөлмелері, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған кабинеттер, сондай-ақ емдік-массаж бөлмелері орналасқан.

534592103 1067901828864394 3376907683083838609 n
534682539 1067902008864376 5965061926892326545 n
534979932 1067901872197723 643924390651809266 n

Шығыс секторында ауыр атлетика, бокс, гимнастика, акробатика және күрес залдары, қыздырыну бөлмелері бар. Жанкүйерлер үшін санитарлық тораптар, тамақтану және демалыс аймақтары, кафетерий, VIP-аймақтар мен жеке кабинеттер қамтылған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика