Сенбі, 28 ақпан, 02:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті

27.02.2026

13

0

644058409 1218181133836462 8193353458295474333 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Достық үйінде» ардагерлер және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Оған Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, Түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Икрам Адырбеков қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басқанын айтып, Конституциялық реформаға тоқталды.

643882362 1218181343836441 7491279429065381579 n

«Президентіміздің Жарлығымен 21 қаңтарда Ата Заңымызға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды тұжырымдайтын Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның қорытынды шешімінің нәтижесімен Мемлекет басшымыз 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу жөнінде Жарлыққа қол қойды.

Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы сақталып, мемлекеттің унитарлы сипаты мен шекарасына, аумақтық тұтастығына қол сұғуға болмайтыны нақтыланған. Елдігіміздің басты нышаны саналатын жаңа құжатта «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқындалған.

Президентіміздің бастамасымен қолға алынған саяси науқандар мен реформаларды жүзеге асыруда Сыр жұртшылығы береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп келеді.

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайда: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр», – деп ерекше атап өтіп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алдағы уақытқа да Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, сәулеттік келбетін жаңартуға, заманауи ғимараттардың бой көтеруіне бағытталған жаңа жобалар жоспарланған. Бұл бастамалар ардагерлеріміздің ақыл-кеңесімен, тұрғындарымыздың сұранысына сәйкес іске асуда. Еліміздің тұрақты дамуы мен халықтың бірлігін сақтауда ардақты ардагерлеріміздің орны ерекше», – деді Н.Нәлібаев.

642413322 1218181137169795 2214685339928885348 n
643415006 1218181253836450 6379651666329380393 n

Жиында Мұхтар Алтынбаев пен Икрам Адырбеков сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері Бекмырза Еламанов, Ибрагим Әбибуллаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы – ректоры, облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісі Наурызбай Байқадамов Конституциялық реформаға қатысты пікірлерін ортаға салды.

643973968 1218181290503113 517679232799273984 n
642389307 1218181307169778 776387870857425850 n

Сондай-ақ Конституциялық реформа жөнінде жарты жылға жуық уақытқа созылған, әртүрлі алаңдарда жүргізілген жалпыхалықтық талқылаулар қоғамның саяси белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі екені айтылды. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның шынайы әрі мызғымас қағидаты. Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.

Еске салсақ, қаламызда өткен тарихи маңызды жиында Мемлекет басшысы Қызылорда қаласында 48 млрд 500 млн теңгеге перзентхана, 14 млрд 780 млн теңгеге емхана салынатынын, 36 млрд 400 млн теңгеге көпбейінді аурухананың құрылысы басталғанын жариялаған еді. Өткен аптада аталған медицина нысандарының және Титов қыстағында ауысымына 400 келушіге арналған емхананың іргетасы қаланды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика