Дүйсенбі, 20 қазан, 18:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы Абай облысының делегациясына жаңа нысандарды таныстырды

17.10.2025

6

0

565703573 1114720794182497 4892283309512494879 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған делегацияға облыс орталығындағы жаңа нысандарды таныстырды. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Алдымен қонақтар «Сыр жұлдызы» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған орталық мамыр айында пайдалануға берілді. Академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.

561383489 1114717047516205 4891048615337873323 n

Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар. Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған. Көркем-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Абай облысынан келген делегация «Анаға тағзым» орталығындағы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және ананы құрметтеуге үндейтін жобаларға қызығушылық танытты. Абай облысының әкімі орталыққа ана мен бала бейнеленген картинаны сыйға тартты.

567703095 1114720624182514 2355245141103500609 n

Одан кейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратына барды. Нысан құрылысы өткен жылдың мамыр айында басталып, биылғы маусымда пайдалануға берілді. Аумағы 3 мың шаршы метрден асатын ғимаратта 12 экспозициялық зал бар. Қорда 70 мыңға жуық тарихи экспонат сақталған, оның 25 120-сы түпнұсқа.

Музейдің бірінші қабатында «Киелі мұра» экспозициясы, «Табиғат және палеонтология», «Археология», «Орта ғасырлар өркениеті», екінші қабатта «Қазақ хандығы», «Этнография», «Өлке тарихы», «Алаш зиялылары», «Ерлік және даңқ», «Мәдениет және өнер», «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Ғарышты игеру», «Тәуелсіз Қазақстан» залдары орналасқан.

Археологиялық қазба жұмыстарының ғылыми негіздемелеріне сүйеніп жасалған алтын киімді «Шірік Рабат сақ жауынгері», алтын әшекейлі «Сығанақ ханшайымы», алтын қылышты «Түгіскен көсемі» және «Жетіасар ақсүйек әйелі» тарихи реконструкциялары ғылыми айналымға енгізілді. Залдардың құрылымы, жабдықтары мен безендірілуі жасанды интеллект элементтерін қолданып, 3D модельде жасалған.

Әрі қарай аймақ басшысы мен қонақтар Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Абай облысының Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры артистері сахналаған, халықаралық театр фестивалінде бас жүлде иеленген «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» қойылымын тамашалады.

566234516 1114720857515824 2608058140606785693 n
566200340 1114720644182512 4034986482184294696 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика