Жұма, 20 наурыз, 17:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы «AAEngineering Group» ЖШС өкілдерімен кездесті

20.03.2026

10

0

654809036 1233997612254814 6767699972051739081 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Kazakhmys Holding ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огаймен кездесті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар «Қызылорда қаласында 600 мың сақтау бірлігіне арналған Президенттік кітапхана салу» жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, барлық негізгі мәселелерді келісіп, жобаны бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.

655166966 1233997652254810 9059877781874913706 n

Мемлекет басшысының өңірге жұмыс сапары барысында білім беру және мәдени ортаны дамытуға бағытталған бастамалар көтерілген болатын. Осы бастамалар аясында Қызылорда қаласында Президенттік кітапхана салу туралы шешім қабылданды.

«Бұл – өңірдің білім беру және ғылыми инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам», – деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.

Кездесуде жобаны іске асыру тетіктері, тараптардың қатысуы, инженерлік инфрақұрылымды дайындау және жер телімін рәсімдеу мәселелері талқыланды.

Эдуард Огай компаниялар тобы атынан жобаны қолдауға және құрылыс жұмыстарын жеделдетілген кесте бойынша орындауға дайын екенін жеткізді.

Қазіргі таңда Президент саябағы аумағынан кітапхана құрылысына арналған жер телімі анықталып, учаскені таңдау туралы алдын ала акт пен сызбалар дайындалды. Қалалық мәслихат пен жер комиссиясының хаттамалық шешімдері қабылданды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы аталған аумақта орналастыру жобасын әзірлеуде. Тараптар жобаны барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру туралы келісімге келді.

655282148 1234060665581842 7554863637129344818 n
653706472 1234060682248507 3730025799208085793 n
653947950 1234060725581836 570336724184524290 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика