Дүйсенбі, 19 қаңтар, 12:50

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Әлеуметтік саланы дамыту мәселелері талқыланды

19.01.2026

5

0

616113390 1185649030423006 6474389798448111865 n

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі.

615787800 1185649143756328 7049267229482852387 n

Оған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев, Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова, Спорт және туризм вице-министрі Бауыржан Рапиков, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты.

616383544 1185649067089669 4402081311608074116 n

Жиын барысында алдымен жоғары білім мен ғылым мәселелері талқыланды. Қатысушылар өңірдегі жоғары білім мен ғылым саласының әлеуетін жан-жақты саралады. Қызылорда облысында үш жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 20 мыңға жуық студент білім алуда. Кейінгі үш жылда студенттер саны 21 %-дан астам артқан. Бұл – жастар арасында жоғары білімге деген тұрақты сұраныс бар екенін көрсететін маңызды көрсеткіш. Салаға жауапты министр еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша басым бағыттарды атап өтті.

Кеңесте денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер де талқыланды. Ведомствоның мәліметінше, өңірде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің инфрақұрылымын және аудандық ауруханаларды дамыту жұмыстары жалғасып келеді. Бұл бағытта жаңа нысандар салу, сондай-ақ диагностикалық базаны жаңарту шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

Аймақ басшысы әлеуметтік саладағы жұмыстарға, бастамаларға, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерге тоқталды.

«Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты. Облыс бюджеті 2021 жылдан бері 234 пайызға өсті. Әлеуметтік салаға басымдық беріліп, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелер толық орындалып келеді.

Президентіміздің бюджет қаржысын тиімді жоспарлау, мақсатқа сай бөлу мен игеру жөніндегі тапсырмасына сәйкес нақты шаралар қабылдануда. Облыс бюджетінен әлеуметтік салаға 2023-2025 жылдары бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына жүргізілген зерделеу, бақылау шараларының нәтижесінде 108 млрд. теңге қаржы үнемделді.

Жалпы 2022 жылдан бері өңірімізде 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, ел игілігіне берілді. Президентіміздің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен әріптестік байланыстамыз. Өңіріміздің әлеуметтік саласын дамытуға 2022-2025 жылдары 12 млрд. 852 млн. теңге қаржы қаралды.

Мемлекет басшымыздың тапсырмалары мерзімінде әрі сапалы жүзеге асырылып, тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға оң серпін берді» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мәжілісте Аида Ғалымқызы, Саясат Нұрбек, Тимур Сламжанұлы, Асқарбек Маратұлы, Шынар Қуанышқызы, Бауыржан Серікбайұлы, Айзада Амангелдіқызы өз пікірлерін білдірді. Шешімін қажет ететін мәселелер бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет баяндама жасады.

615444405 1185649070423002 7193198988593933208 n

Қорытындылай келе, Аида Балаева өңірдің негізгі даму бағыттары бойынша жүйелі жұмысты күшейтуді тапсырды. Кадр даярлау ісін экономиканың нақты сұранысымен үйлестіру, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы идеологиялық және тәрбиелік жұмысты бастауыш сыныптан бастап үнемі бақылауда ұстау, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту міндеті қойылды.

Сонымен қатар МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтармен жұмысты күшейту, алдын алу шаралары мен скринингті жандандыру, емханалардағы қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

615818175 1185649027089673 3669406150713092548 n
617043284 1185649160422993 4494700617836331956 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика