Жұма, 31 қазан, 19:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

31.10.2025

12

0

leumettik or au salasy yzmetkerlerini k sibi merekesi atalyp tti 63aa766f18

Әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлердің басты міндеті – адамдарға деген қамқорлық. Олардың мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға өз уақытында қол ұшын беру. Расында, қоғамымыздың, өміріміздің тұрақтылығы мен әл-ауқаты көп жағдайда халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейіне, әлеуметтік кепілдіктерге байланысты болса, оның жүзеге асуы әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандарымен тікелей байланысты.

Сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Шарада сала жұмысын алға өрлетудегі өлшеусіз үлесі үшін бірқатар сала үздіктеріне, әлеуметтік салада халыққа қызмет көрсетіп жүрген Үкіметтік емес ұйымдарының төрағаларына, қоғамдық қызметкерлерге қала әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика