Жұма, 16 қаңтар, 13:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Әлеуметтік әмиян» цифрлық платформасын енгізу бойынша оқу семинары өтті

16.01.2026

10

0

amanat o u seminary f5696a9602

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында бірнеше мәрте цифрландыру мен жасанды интеллектті  дамыту – елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы екенін атап өтті. Бұл үдерістің ең маңызды буыны – мектеп және мұғалім. Осы орайда Қызылордада «AMANAT» партиясы мен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен «Әлеуеттік әмиян» жобасы аясында облыстық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен ата-аналарға арналған оқу семинары өтті. 

Оқу семинарына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысып, жобаны жүзеге асыру аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. 

«Бүгінгі таңда еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептер аппараттық-бағдарламалық кешендермен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Алайда «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер  Комитеті, ҚР Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп, жобаны жүзеге асыру мақсатында арнайы талдау жүргізген. Нәтижесінде,  білім басқармалары мен жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық ұжымы тарапынан ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын күшейту қажеттілігі анықталған. Ата-аналардың бір бөлігі «Әлеуметтік әмиян» сервисінің жұмыс істеу қағидаттары туралы жеткілікті деңгейде хабардар емес, ал мектептердің жекелеген қызметкерлерінде 1–4 сынып оқушыларына арналған тегін және жеңілдетілген тамақтану ваучерлерін автоматты түрде есептеу тәртібі, сондай-ақ мәртебені тексеру  тетіктері бойынша толық түсінік қалыптаспағаны анықталған.  Осының нәтижесінде министрлік пен білім басқармаларына түсетін азаматтардың өтініштері мен шағымдарының санының өсуі байқалуда. Бүгінгі білім басқармасы мен бірлесіп ұйымдастырылып отырған  оқу семинары — осы маңызды міндеттерді жойып, мұғалімдер мен ата-аналарға «Әлеуметтік әмиян» жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіру, оны тиімді әрі дұрыс қолдануға үйрету, сондай-ақ әлеуметтік көмектің нақты иесіне тікелей жетуін қамтамасыз етуге бағытталып отыр»,- деді Жандос Базартай. 

Жалпы өңірде жобаны жүзеге асыру мақсатында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы, аудандық, қалалық филиалдарының атқарушы хатшылары, облыстық білім басқармасы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларын қамтитын облыстық және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен ата-аналарға оқыту жүргізетін 8 жұмысшы топ құрылды.   Алдағы уақытта бүгінгі оқусеминарынан өткен жұмысшы топ өкілдері  өз аудандарында кестеге сәйкес оқу жүргізетін болды.

Аманат оқу семинары 2.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика