Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының бұзылуына байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады.
5 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында желдің күші – 15-20 м/с.
5 қаңтарда Маңғыстау облысының басым бөлігінде және Ақтау қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтауда 5 қаңтар түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз қарқыны 15-18 м/с дейін күшейеді.
5 қаңтарда Павлодар облысында жолдарда көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодарда 5 қаңтар жолдарда көктайғақ болады.
5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Орал қаласында 5 қаңтар түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман.
5 қаңтар түнде және таңертең Түркістан облысының басым бөлігінде және облыс орталығында тұман түседі.
Осы күні Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады.
Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
5 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, жел жылдамдығы – күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.
5 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын соғады.
«Азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн. Егер қатты боран, бұрқасын болса, жол кептелісінде ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал. Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл баруыңыз керек болса, діттеген жеріңізге кедергісіз жету үшін теміржол көлігін пайдалануға кеңес береміз. Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз, боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп септігін тигізеді» деп ескертеді министрлік.