Бейсенбі, 15 мамыр, 18:02

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жол жөндеу жұмыстары бақылауда

14.05.2025

23

0

497933761 992796443041600 3749835016274088354 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеуімбетовпен бірге Қызылорда қаласындағы «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын, Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.

Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, аталған даңғылдың 6,7 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер мекеме «УАД» ЖШС кеңейтілетін аумаққа асфальт төседі. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті тазаланып, 1,4 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Нысанды жақын уақытта аяқтау жоспарлануда.

Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі жол құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Ұзындығы 2,9 шақырым, қазіргі таңда 2,4 шақырымының астыңғы қабаты тазаланып ашылды, ал 2 шақырым аумаққа тірек қабырғалары құйылуда.

Еске салайық, өткен жылы аймақтың жол инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жалғасуда.

497546885 992796616374916 6698054383352316454 n
101
497656798 992796513041593 5123924367802751236 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика