Сенбі, 23 қараша, 12:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңа терминалға екінші трап орнатылуда

31.10.2024

311

0

Жаңа терминалға екінші трап орнатылуда
Фото: Әуежайдың баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Болат Өтемұратов қорының» қолдауымен салынған «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалындағы жұмыстармен танысты.

Бүгінде мұнда халықаралық стандарттарға сай келетін екінші телескопиялық трап әкелінген. Трапты монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін терминалды ашу жоспарлануда.

Халықаралық талаптарға сай етіп салынған жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты  ғимаратта сағатына 250 жолаушыға 10 төлқұжат бақылау кабинасы арқылы қызмет көрсетіледі.

Айта кетейік, «Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 9 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қаңтар-қыркүйек айларында әуежайда 264 506 жолаушыға қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%- ға артқан.
Сонымен қатар, осы уақыт аралығында рейстер саны 1420-ға жеткен. Бұл «Қорқыт Ата  әуежайы» көрсеткіштерінің тұрақты өсімін және әуе тасымалының жоғары белсенділігін растайды.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика