Ұлы Отан соғысының ардагері, шаһар тұрғыны Төлеген Жүнісов 100 жасқа толды. Сұрапыл соғыста жан аямаған майдангер қартты мерейтойымен құттықтау үшін қала әкімі Асылбек Шаменов, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев шаңырағына барды.
Шаһар басшысы қазыналы қарияның Тәуелсіздік жолындағы қажырлы күресі мен өңірді дамытудағы елеулі еңбектеріне тоқталып, бүгінгі жас ұрпаққа өмір жолы өнеге екенін айтты.
«Көпті көрген ардақты ардагерлердің, қазыналы қариялардың ерен еңбектері ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктерімізде Өзіңіздің тыным таппай, жан аямай атқарған жұмыстарыңыздың үлесі зор. Осы ретте, Сіздің ел болашағы үшін тер төккен игі істеріңізге алғыс айтып, басымызды иеміз» — деген қала әкімі Асылбек Шаменов мерейтойы иесінің деніне саулық, әулетіне амандық тілеп, аймақ басшысының құттықтауын жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.
100 жастың биігіне шыққан Төлеген Жүнісов өз кезегінде аймақ, қала басшыларының сый-құрметіне ризашылығын жеткізіп, ел іргесінің бүтіндігін, болашақтың жарқын болуын ақ батасына қосты.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz