Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тұрғындардың талабы ескерусіз қалмайды

04.09.2024

457

0

Тұрғындардың талабы ескерусіз қалмайды

Қала әкімі Нұржан Ахатовтың халықпен кездесуі Қосшыңырау және Қарауылтөбе ауылдық округтерінде жалғасты. Кездесуде шаһар басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Өз Жолдауын жариялағанын, онда азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін басымдықтар берілгенін жеткізді.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің тікелей қолдауымен және облыс әкімінің үйлестіруімен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында қала көлемінде ауқымды жобалар сәтті жүзеге асып жатыр. Қаламыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Көркейту, абаттандыру бағытында да бағалы бастамалар атқарылуда. Бүгін Сіздердің талап-тілектеріңізді тыңдап, оған байланысты тиісті шаралар қабылдауға арнайы келіп тұрмын, – деді кездесу барысында Нұржан Сәбитұлы. 

Алдымен тұрғындар Досан ауылына жаңа электр желісін тартуды сұрап, бұл жөнінде шаһар басшысы: «Досан ауылын электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, ол толық игерілді. Ал, жұмысты жалғастыру үшін 380 млн. теңге қаржы қажет. Біз осы қаражатты күтудеміз. Қаржы түскен бойда мердігер «Техсервис» серіктестігі жұмысты жалғастырады деп қорытындылады.

Тұрғындар талабы бойынша №138 мектепті жөндеу үшін 589 млн. теңгеге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінімге ұсынылған.

Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындары жаңадан дәрігерлік амбулатория салуды алға тартты. Нұржан Сәбитұлы: Бұл орынды ұсыныс. Қазір дәрігерлік амбулатория құрылысы үшін жер учаскесі табысталып, құжаттары рәсімделді. Аталған жоба бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан сараптама қорытындысы әзірленуде, – деді.

Кездесу барысында тұрғындар учаскелік полиция инспекторының жұмысын күшейтуді, қоғамдық тәртіпке мән берілуін сұрады.

Қала әкімі қалаға қарасты елді мекендерге мемлекет тарапынан жасалатын қолдаудың жалғаса беретіндігін, айтылған әрбір ұсыныстың ескерусіз қалмайтындығын жеткізді.

458445784_3692852360981495_7466872117884490353_n.jpg
458397808_3692852397648158_4441745686585404442_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика