Дүйсенбі, 23 наурыз, 19:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тазару күні: Қызылордада экологиялық акция өтті

23.03.2026

7

0

3556cf9a b19f 4057 9be4 64256d23b50f
Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Бүгін Қызылорда қаласында Наурызнама онкүндігі аясында «Тазару күніне» орай «Елін сүйген – ерлік жасайды» атты экологиялық акция кең көлемде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды сипатта өтті.

Туған жерге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілікті ұштастырған бұл игі бастама өзінің мән-маңызымен ерекшеленді.

Шара барысында облыс орталығындағы Тағзым алаңында ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылды. Ұрыс даласының ардагерлері, азаматтық қоғам, зиялы қауым өкілдері, жастар мен еріктілер бірлесе отырып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты. Көшет отырғызу – табиғатқа жанашырлықтың, келешек ұрпаққа жасыл мұра қалдырудың жарқын үлгісі ретінде көпшілікке өнеге болды. Бұл бастама ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ жауапкершілігін айқындай түсті.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде:

9c990f1f fed8 4e41 9d1a eb91d08d0dc7

– «Тазару күні» – тек қоршаған ортаны ретке келтіру емес, бұл – қоғам санасының жаңаруына бастайтын маңызды қадам. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – болашаққа деген сенім мен туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі. Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан тазалықты бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз қажет», – деп атап өтті Мейрамбек Зинабдинұлы.

Сонымен қатар, акция аясында тұрғындар арасында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, арқан тарту, асық ату секілді дәстүрлі ойындар ойнатылды.

Бұл өз кезегінде салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, көпшіліктің белсенді қатысуына серпін берді. Мерекелік көңіл-күйді арттыру мақсатында жиналған қауымға ұлттық тағам – наурыз көже таратылып, ізгі тілектер айтылды.

Жалпы, «Тазару күніне» орай өткен «Елін сүйген – ерлік жасайды» атты экологиялық акция ел бірлігін нығайтып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде айқын көрініс тапты. Осындай мазмұнды шаралар туған жерге жанашырлықты арттырып, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыру жолындағы игі істердің жалғаса берерінің дәлелі.

be7efa52 2427 4eaa 9fdb 0a0131b44192
af1cc953 6ff9 4c3c 9ce7 4f3104017801
7898b548 0cf8 4709 bf20 2a41b8fd1db5

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика