Сенбі, 25 қазан, 04:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордадағы Президент саябағы жаңа келбетке ие болады

24.10.2025

17

0

default
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент саябағындағы қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді.

Қазіргі таңда саябақ аумағында ауқымды абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бас мердігер «Bi Global» ЖШС жобаға сәйкес 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, 7 балалар ойын алаңын, 4 спорт және 4 workout, 7 демалыс аймағын, 4 фудкорт, теннис үстелдерін, биіктігі 50 метр болатын айналмалы дөңгелек аттракцион, би алаңын, стритбол, вело және жүгіру жолақтарын, сахна, сарқырама каналдары мен олардың үстінен өтетін көпірлер, шахмат, баскетбол және футбол алаңдарын, арқан саябағы мен модульдік санитарлық нысандар орналастырмақ.

571194334 1119739197013990 4697046854341832407 n
548702206 1119738640347379 3652307015423798454 n

Саябақта жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері мен Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) бой көтеріп келеді. Бұл нысандардың бас мердігері «Alem Qurylys AQ» ЖШС осы аумаққа спорт блогын, іс-шараларға арналған event-аймақ, тұрғын корпустар, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимараттар, дәстүрлі киіз үйлер, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы және сахна салуды қарастырған.

Сондай-ақ, Сырдария өзені үстінен Президент саябағы мен Астана шағын ауданын байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі салынады.

571348427 1119739187013991 8238676202628337819 n
default
571106198 1119739450347298 1847844339022029336 n
571210448 1119739400347303 6020624459830121320 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика