Бейсенбі, 19 наурыз, 19:31

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 400 пәтерлік 10 тұрғын үй пайдалануға берілді

19.03.2026

7

0

default
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен сол жағалаудағы 400 пәтерлік 10 тұрғын үйді иелеріне табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қоныс тойын тойлаушылар – тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар.

Аймақ басшысы құрылыс саласындағы ауқымды жұмыстарды атап өтіп, құттықтау лебізін жеткізді.

653705879 1233371968984045 1229810300173395615 n

«Өңірімізде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамтуда, инфрақұрылымды қайта жаңғыртуда тиісті шаралар қабылданған. 2022 жылдан бері 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынып, пайдалануға берілді.

Азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясат нәтижелі іске асуда. Бүгін – мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін ерекше қуанышты күн!

Қасиетті Рамазан айында, Наурыз мерекесі қарсаңында алған жаңа шаңырақтарыңыздың іргесі берік, керегесі кең, іші татулық пен берекеге толы болғай!», – деді Н.Нәлібаев.

Жиында тұрғын үйді сапалы етіп салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, қоғам қайраткері Имамадин Оңғарбаев бата берді.

654805800 1233372328984009 7756747585273008247 n
652183841 1233372268984015 6657106040156382562 n

Еске салайық, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер, кейінгі 3 жылда барлық ауданда алғаш рет жаңадан 1800-ге жуық пәтер табысталды.

Өткен жылы 2 477 пәтерлік тұрғын үй салуға бюджеттен 36 млрд. теңге қаралса, биыл кезекте тұрған азаматтарға 2 400 пәтер табыстау үшін 55 млрд. 600 млн. теңге жоспарланған.

Соңғы жылдары қаламызда заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

652957333 1233372218984020 2614988698981313473 n
654309124 1233372198984022 6337214992087675769 n
651913416 1233372142317361 5817316484536359511 n
653056328 1233372185650690 118857506176308212 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика