Дүйсенбі, 13 қазан, 21:04

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, пайдалануға берілді

11.10.2025

11

0

559476535 1109331264721450 5121741554146155417 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін қала күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылының екінші кезеңі аяқталып, Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін жаңадан салынған автомобиль жолының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Парламент сенатының депутаттары,зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жол инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстарды атап өтіп, жиналған қауымды жаңа жолдың ашылуымен құттықтады.

559413122 1109330584721518 5580794695890112974 n

“Қызылорда – мегаполис болмағанымен, қарқынды қалалық инфрақұрылым мен өмір сүру сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру бағытында нақты қадам жасаған қала. Халық саны жыл сайын өсуде, аймақ тұрғындарының шамамен 50%-ға жуығы облыс орталығында тұрады. Біз жұртшылықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған, қауіпсіз, таза, қолжетімді әрі зияткер қала құру бағытында нақты қадамдар жасадық.

Облыс орталығының негізгі көшелері –Шиелі ауданынан кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистральді көшелері төрт жолақты болып кеңейтілді.

Бүгін міне, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, ел игілігіне табысталуда.

Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалынан бастап Гагарин көпіріне дейінгі 27,3 шақырым жол төрт жолақты болып салынды.

Жол бойындағы Сыздық, Жаңадария, Шіркейлі каналдары үстіндегі 3 көпір қайта жаңғыртудан өтіп, төрт жолақты болып кеңейтілді.

Бұл мақсатқа бюджеттен 23 млрд. 962 млн. теңге бөлінді.

Жолдарды дамыту қалада өмір сүруді әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп, көліктердің кедергісіз қозғалысына оң септігін тигізеді.

Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қызылордалықтардың атынан шынайы алғысымды білдіремін.

Әрдайым бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болсын!

Жаңа жол берекенің бастауына айналсын!

Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!”, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

558151241 1109330954721481 4224664943767468564 n
559774800 1109330981388145 4145115207038090247 n
557704633 1109330854721491 8182981794748282635 n

Рәсімде жаңа жолды сапалы етіп салуға үлес қосқан мердігер мекеме қызметкерлері Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Ибрагим Әбибуллаев ақ батасын берді.

Тәуелсіздік даңғылының ашылу рәсімінде авто және велошеру ұйымдастырылды. Шеруде кейінгі жылдары заманауи техникамен қамтамасыз етілген салалардың көліктері көрсетілді. Атап айтқанда, соңғы үш жылда облыстың медицина ұйымдары мен жедел жәрдем станцияларына 270 жаңа санитарлық көлік, білім саласына 30 оқушы автобусы, қоғамдық көлік паркіне 300 жаңа автобус және 100 экотакси, төтенше жағдайлар қызметіне 31 өрт сөндіру техникасы, коммуналдық кәсіпорындарға 169 арнайы техника, ветеринария саласына 98 көлік берілген.

default
559014842 1109331224721454 1520247745322982120 n
558542983 1109330794721497 9012568850990472949 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика