Жұма, 17 қазан, 00:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Syr Darya» коммуналдық базары ашылды

16.10.2025

12

0

561699404 1113729117614998 5028348055884136145 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорда қаласының Қазақ елі астанасы болғанына 100 жыл толу мерейтойы мен қала күніне орай сол жағалаудағы «Syr Darya» коммуналдық базарының ашылу рәсімі өтті.

Оған зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы өңдеу өнеркәсібі саласындағы жұмыстарға тоқталып, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында жаңа инвестициялық кезеңді бастау, өңдеу өнеркәсібі мен кәсіпкерлікті дамытуға баса мән беру керектігін ерекше атап өтті.

Ол үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шаралары, қолайлы жағдай жасалуда. Біз аймағымыздың экономикасын әртараптандыру арқылы жоғары өнімді, экспортқа бағдарланған шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібін құру жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарудамыз. Соңғы жылдары өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ауқымды жобалар жүзеге асты. Өткен аптада ғана «Қызылорда-Нан» кешені іске қосылды. Бүгін облысымыздың экономикасына тың серпін беретін «Техоснастка Ремсервис» серіктестігінің «Syr Darya» коммуналдық базары мен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік аймағының ашылу салтанатында бас қостық. Баршаңызды жаңа кәсіпорындардың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

561529815 1113729394281637 8113378387819049638 n

Заманауи форматтағы қолжетімді сауда алаңдарын ұсынатын «Syr Darya» коммуналдық базарын іске қосуға 2 млрд. 574 млн. теңге инвестиция құйылды.

Жалпы ауданы 5 мың шаршы метр болатын бұл сауда алаңының бірінші қабатында азық-түлік, тамақ өнімдері, екінші қабатында киім-кешек сату орындары орналасқан. Жаңа сауда нысаны жергілікті тауар өндірушілерге өнімдерін делдалсыз тікелей өткізуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, қаладағы бейберекет базарлар ретке келтіріліп, санитарлық талаптарға сәйкестендіріліп, кәсіпкерлер мен тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалады.

Рәсімде «Syr Darya» коммуналдық базары мен «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының құрылысына атсалысқан қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ел ағасы, қоғам қайраткері Нажмадин Мұсабаев құттықтау сөз сөйледі.

561439485 1113729160948327 3508679658881870689 n
565137343 1113729364281640 7625832867145781434 n
565813962 1113729120948331 8469165907663860067 n
564226313 1113729334281643 5938041904997956322 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика