Сейсенбі, 14 қазан, 06:13

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада нан өнімдері кешені іске қосылды

08.10.2025

43

0

558929850 1106810448306865 5472000235732814277 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін «Қызылорда-Нан» серіктестігі нан өнімдерін шығару кешенінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өңірде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобаларды атап өтіп, жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

559097416 1106810421640201 4246160896312281101 n

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс», – деген болатын.

Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. 2022-2024 жылдары аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды.

Биыл 631 млрд. 400 млн. теңгеден астам инвестиция тарту бағытында жұмыс жүргізілуде. Өткен 8 айда 408 млрд. 200 млн. теңге инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы бойынша Қызылорда облысы республикада бірінші орынға шықты. Жыл соңына дейін жаңа жобаларды іске қосу есебінен жоспар 716 млрд. теңгеге дейін артығымен орындалады. Тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша 280 млн. АҚШ доллары бекітілген, осы жылдың ІІ тоқсанында 172,9 млн. АҚШ доллары тартылып, жоспар 62%-ға орындалды.

Бүгін өңір экономикасына тың серпін беретін «Қызылорда-Нан» серіктестігінің нан өнімдері кешенінің ашылу салтанатында бас қостық. Баршаңызды жаңа кәсіпорынның іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймын. Жобаға атсалысқан инвесторларға, құрылысшыларға, барлық серіктес ұйымдарға алғысымызды білдіреміз. Кешеннің жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

558536872 1106811021640141 6902906779899831706 n

Рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі, өңдеу өнеркәсібі саласына ауқымды инвестиция салғаны үшін меценат Нейля Жүсіпова Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

558778198 1106810614973515 6140066293407114247 n

Қызылордада алғаш рет 1957 жылы іске қосылған нан зауыты 1995 жылға дейін тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз еткен болатын. Араға отыз жыл салып, бұл игі дәстүр жалғасын тауып, жаңа кешен жұмысын бастады.

Жалпы 5,6 миллиард теңге қаржы жұмсалған бұл кешен – тек өндірістік ғана емес, әлеуметтік және ұлттық маңызға ие ірі нысан. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етуде, алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 170-ке дейін көбейеді.

558089670 1106810974973479 3367702147967624181 n

Кешенге мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 1,2 миллиард теңге жеңілдетілген несие беріліп, оның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Бірінші кезеңде 3,1 миллиард теңгеге заманауи, толық автоматтандырылған жабдықтары бар төрт өндірістік цех іске қосылды. Алдағы жылы жобаның екінші кезеңінде 2,5 миллиард теңгеге ұн комбинатын салу жоспарланған.

558901811 1106810668306843 5066498724522380960 n
558927890 1106810751640168 3522164023868202667 n
559106968 1106810714973505 7552541214909856140 n
558928551 1106810574973519 3405566161570917381 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика