Бейсенбі, 21 қараша, 21:57

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Жолдар жөнделіп, көшелер көркеюде

24.09.2024

219

0

Қызылорда: Жолдар жөнделіп, көшелер көркеюде

Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауы негізінде және аймақ басшысының үйлестіруімен қаланың жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Биыл осы бағытқа 36 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа қала, кент және ауылдық округтердегі 99 көшеге орташа жол жөндеу, қайта жаңғырту, жол және көпір құрылыстарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Әуежай жолы және Шиелі ауданынан кіреберіс айналма көпірден, аспалы көпірге дейінгі аралық кеңейтілуде.

Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшелері қайта жаңғыртылуда. Қ.Яссауи көшесін жақын күндері ел игілігіне табыстау жоспарлануда.

Осы жұмыстардың жалғасы ретінде, жуырда ғана магистралды көшелердің бірі – Жаппасбай батыр көшесі қайта жаңғыртылып, 2 жолақтыдан 4 жолақтыға ауыстырылды. Жүріс бөлігінің ені 14 метрге кеңейтілді.

Н. Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына дейінгі аралыққа жаңа жол салынып, көлік ағынын реттеуге жағдай жасалынды.

Ең ұзын көшелердің бірі саналатын Е.Көшербаев көшесіне де жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сол секілді М.Шоқай көшесі күрделі жөндеуден өткізілді.

Бүгінгі күні ауқымды жұмыс Қорқыт ата көшесінде атқарылуда. Жөндеу жұмыстарының барысын пысықтаған қала әкімі Нұржан Сәбитұлы жауапты мердігерлерге сапаға мән беруді тапсырды.

Айта кету керек, алдағы күндері ұзындығы

9,6 шақырымды құрайтын «Қызылорда — Жезқазған» бағытының қалаішілік автомобиль жолына да жөндеу жүргізілетін болады.

жол.jpg
жол 2.jpg
жол 3.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика