Дүйсенбі, 03 қараша, 08:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласының жылу жүйесі жаңғыртылуда

02.10.2025

94

0

556633083 1101217238866186 3756310052190062100 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қаладағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

Алдағы жауапты науқанға дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Қызылорда жылу-электр орталығында 1 генератор мен 4 күштік трансформаторды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 10 бу қазандығы мен 20 автономды қазандық жөндеуден өтті.

Желілерді жаңғырту мақсатында Қызылорда қаласында 6 жоба іске асырылуда. Жұмыс жылу беру маусымына дейін толық аяқталып, 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен тұрақты қамтылатын болады.

Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен 1079 әлеуметтік нысан толық дайын.

Алдағы маусымға 139 мың тонна көмір керек, оның 117 мың тоннасы халықтың, 22 мың тоннасы әлеуметтік нысандардың қажеттілігі. Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп келеді.

Жалпы, жылу беру маусымына дайындық облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

559247608 1101217242199519 4824479685685383472 n
556062757 1101217045532872 5308738156485772780 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика