Дүйсенбі, 23 наурыз, 18:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Парламент депутаттары Құзыреттілік орталығының жұмысын көрді

22.03.2026

9

0

654234213 1235886935399215 4313716303838489787 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев жаңадан ашылған «Құзыреттілік орталығының» жұмысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Екі қабатты, сәулеті ерекше, 1000 орындық жаңа ғимарат қайтарылған активтер есебінен салынған.

Мұнда студенттер халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына дайындалады. Орталық сарапшылық қауымдастықты дамыту, жұмысшы мамандықтардың танымалдығын, оған жастардың қызығушылығын арттырудың бірыңғай жаттығу базасына айналады.

Кәсіби дағды қалыптастыруға, педагогтердің, жас мамандардың озық технологиялармен жұмыс істеуіне, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жол ашады.

Жаңа әрі заманауи ғимарат республикалық, халықаралық, деңгейдегі форумдар, конференциялар, семинарлар мен көрмелер өткізуге де бейімделген.

Айта кету керек, өңірде білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн. 159 млрд. теңге, биыл 302 млрд. 196 млн. теңге қаралды. 2022 жылдан бері 43 жаңа заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді.

657247088 1235887105399198 1946273520066299946 n
655705822 1235886972065878 420162382436295861 n
653942535 1235886932065882 9216666374516780161 n
653942582 1235887005399208 249333372106997701 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика