Сейсенбі, 01 шiлде, 14:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады

01.07.2025

15

0

513761191 1027662282888349 4676936570328695923 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен аймақ басшысы балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық иновациялық орталықтың жұмысымен танысты. Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл кешен бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды. Орталықта бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залдары, үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек және үстел теннисі залдары қарастырылған.

Ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері бар. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

Облыс әкімі қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады

Әрі қарай, «Қызылорда-нан» ЖШС-ның кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыс барысын көрді. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы бөлінген.

Аймақ басшысы Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі жол құрылысының барысын көрді. Ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні 2,4 шақырым аумақта астыңғы қабатты тазалау және ашу жұмыстары аяқталып, 2 шақырым бөлікте тірек қабырғаларын құю жұмыстары жалғасуда. Жобаның мердігері – «Автомобиль жол басқармасы» ЖШС.

Сол жағалаудағы жаңа стадион құрылысы да назардан тыс қалмады.

Мұнда шығыс және батыс трибуналардың металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар, ішкі бөлмелер мен сыртқы витраждар қаланған. Қазіргі таңда футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

513918777 1027655449555699 7008835923876571364 n
514418236 1027655612889016 5403728853662346652 n
514537450 1027655539555690 2269666816639762311 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика