Дүйсенбі, 07 шiлде, 23:00

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі білім ордаларындағы құрылыс жұмыстарын көрді

06.07.2025

20

0

stroitelstvo shkoly foto oblakimat 1 fc7cc3480f
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетовпен бірге Қызылорда қаласындағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысымен танысты.

Алдымен СПМК-70 мөлтек ауданындағы 1500 орындық жаңа мектептің құрылыс алаңында болды.
Бас мердігер  “Integra Construction KZ” серіктестігі құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға жақын. Ғимараттың қабырғалары толық қаланып, іші әрленуде, инженерлік жүйелері орнатылуда. Құрылысқа 11 инженер-техникалық қызметкер, 183 жұмысшы және 6 техника жұмылдырылған.

Арай мөлтек ауданындағы  1500 орындық мектептің де құрылысы қарқын алған. Бас мердігер “Абу-Сер” серіктестігі ішкі әрлеу, есік-терезе орнату, жылу жүйелерін монтаждау және аулаға инженерлік желілерді тарту жұмыстарын атқаруда. Құрылыс басында 10 инженер, 185 жұмысшы еңбек етуде, 22 техника іске қосылған. Мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

строительство школы Фото облакимат 3.jpg
строительство школы Фото облакимат 2.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика