Дүйсенбі, 20 қазан, 19:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт өтті

18.10.2025

13

0

561421141 1114910754163501 5379110130992977419 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Қайсар арена» стадионында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына және Қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен,Қызылорда» атты гала-концерт өтті.

Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, ғалымдар, өнер майталмандары, республиканың барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары арнайы қатысты.

Мереке бастауындағы астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру және Киргиз АКСР-ның Қазақ АКСР деп өзгертілуі, қалаға Қызылорда атауының берілуі, Ақмешітке қарай бағыт алған «Қызыл паравоз», Алаш арыстарының бейнелері, тарих желісінен сабақталған көріністер сол дәуірді көпшіліктің көз алдына әкелгендей әсер қалдырды. Одан кейін экрандағы көріністер жаңарған, жаңғырған Қызылорданың бүгінгі жасампаз келбетіне ауысты.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

561598496 1114910980830145 4768111953683452934 n

«Бір ғасыр бұрын Қазақ Республикасының алғашқы астанасы болған Қызылордада мемлекеттігіміздің негізі қаланды. Сол кезеңде қаламыз еліміздің саяси, мәдени-рухани орталығына айналды. Ұлттық өнер мен ғылымның, білім мен баспасөздің алтын қазығы осында қағылды. Шежірелі шаһарымыздың елдік асыл мұраты, жасампаз жолы қалыптасты. Ұлтымызға «қазақ» атауын қайтарып, азат ел болуды аңсаған асқақ арман орындалды. Тілегі мен мақсаты ортақ Алаш арыстары ұлт мүддесі үшін тәуелсіз ел болуға бірікті. «Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы! Сыр – Алаштың анасы!».

Жүз жылда бірнеше кезеңді басынан өткерген Қызылорда бүгінгі күні Президентіміздің ерекше қолдауымен сәулетті де әсем қалаға айналып келеді. Сыр өңірі жасарып-жаңарып, өсіп-өркендеуде. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталды. Ең ғажап қала – ол адамның бақытты болған жері. Баршамызды бақыт құшағына алған Қызылорда – біздің мақтанышымыз.

Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Мереке құтты болсын, қадірлі жерлестер!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Гала концертте эстрада әншілері Ж.Ысқақова, Г.Оразымбетова, М.Сәдуақасова, Ж.Төлебай «Біздің Қызылорда» әнін шырқады. Сондай-ақ, К.Әлімжан, Т.Төрәлі, О.Нұралиев, тағы басқа өнерпаздар көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сахна сәні, би қойылымдары мен бейнероликтер, арнайы дайындалған тақырыптық дрон шоу Қала күнінің мазмұнын байыта түсті. Салтанатты шараның шарықтау шегінде мереке аспанын мың бояулы отшашулар жарқыратты.

565705924 1114912660829977 1866729760228138731 n
561598496 1114911104163466 3406207635963528492 n
564534045 1114910947496815 6932647722948606738 n
561734002 1114912740829969 5755994614657489285 n
564727676 1114911214163455 6380792683603428169 n
564598378 1114910787496831 3656508630178718900 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика