Дүйсенбі, 23 наурыз, 18:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

IBIS қонақүйінің іргетасы қаланып, капсула салынды

22.03.2026

8

0

653546495 1235834355404473 2696340026937049453 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қызылордадағы Президент саябағы аумағында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының арнайы қатысуымен IBIS қонақүйінің іргетасын қалап, капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысан құрылысының басталуымен құттықтады.

654977026 1235835955404313 3928299180470689120 n

«Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен облысымыздың бюджеті жылдан жылға ұлғаюда, даму бюджетінің көлемі 4,3 есе өсті. Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, жаңа ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда.

2022-2024 жылдары облыс экономикасына 1 трлн. 600 млрд. теңгеге жуық, 2025 жылы 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. 2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 233 пайызға артты. Жеке инвестицияның үлесі 70 пайыз болды.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 1 трлн. 900 млрд. теңгеге жуық қаржыға 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 10 308 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 753 млрд. 300 млн. теңгеге бағаланған 14 ірі жобаның құрылысы жүргізілуде.

Заманауи талаптарға сай етіп салынатын қонақүй шетелдік, отандық туристер мен қонақтарымызды қабылдайтын, іскерлік байланыстарды нығайтатын орталыққа айналатынына сенімдімін.

Маңызды жобаны жүзеге асыруға бастамашы болып, зор үлес қосқан инвесторларға, құрылысшыларға шынайы алғысымды, зор ризашылығымды жеткіземін.

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен тағы да құттықтап, құрылыстың сәтімен аяқталуына, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне тілектестігімді білдіремін»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Eastland Estates Ltd жеке компаниясының бас директоры Алмат Данкенов сөз сөйледі.

655611254 1235836078737634 5845492316404963721 n 1

Халықаралық талаптарға сай келетін үш жұлдызды IBIS қонақүйі жобасының құны 6 млрд теңге, мұнда бір мезетте 100-ден астам келушіге қызмет көрсетіледі. Пайдалануға берілгеннен кейін 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Айта кету керек, осы үлгідегі қонақүйлер желісі әлемнің 70-тен астам еліне кеңінен таралған. Еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында да табысты жұмыс істеп келеді.

654677498 1235834358737806 1303141012355301541 n
656986277 1235834462071129 7864210056411383551 n
654216207 1235834402071135 4552248179965874074 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика