Қала әкімі Серік Қожаниязов бұрынғы «Целлюлоза картон зауыты» ескі ғимаратының аумағына барып, зауыт қаңқасын жедел сүру бойынша қажетті шараларды пысықтады. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Халық арасында «ЦКЗ» аталып кеткен зауыттың жерін құрылыс нысанын салу мақсатында 2004 жылы жалға алу құқығымен жеке кәсіпкер иемденген. Дегенмен, осы уақыт аралығында кәсіпкер жерді нысаналы мақсатында пайдаланбай, құрылыс алаңын қоршауға бағытталған қандай да бір шараларды қабылдамаған. Осыған байланысты кәсіп иесіне ескерту жасалды.