Бейсенбі, 26 наурыз, 17:59

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Хабарландыру

12.03.2026

4

0

«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша 2026 жылғы 12 наурыздағы талдамалық анықтама нәтижелерін жария талқылау жүргізетінін хабарлайды.

Жария талқылау Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі №4 А мекен-жайда орналасқан «Сыр медиа» ЖШС ғимаратының 201 кабинетінде 2026 жылдың 26 наурыз күні сағат 1100-де өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі №4 А мекен-жайда орналасқан «Сыр медиа» ЖШС-на келуге, немесе  syr-media@yandex.kz электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар Серіктестіктің қабылдау бөліміне 40-11-10 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

Құрметті азаматтар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика