Жұма, 31 қаңтар, 02:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Хабарландыру

11.03.2024

37

0

«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша 2024 жылғы 4 наурыздағы талдамалық анықтама нәтижелерін жария талқылау жүргізетінін хабарлайды.

Жария талқылау Қызылорда қаласы,Бейбарыс Сұлтан көшесі №4 А мекенжайда орналасқан «Сыр медиа» ЖШС ғимаратының 201 кабинетінде 2023 жылдың 29 наурыз күні сағат 1100-де өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі №4 А мекен жайда орналасқан «Сыр медиа» ЖШС-на келуге, немесе  syr_media@bk.ru электрондық поштасына жолдауға, сонымен қатар Серіктестіктің қабылдау бөліміне 40-11-10 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика