Сәрсенбі, 15 қазан, 20:41

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтеді

15.10.2025

17

0

861fc855 6972 4904 a6f3 e9370ff76f8f
Фото: облыстық жедел штаб

Ертең 16 қазан күні Қызылорда қаласы, Сол жағалау ықшам ауданы, №117 «А» мекен-жайында орналасқан «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжі» ғимараты мен аумағында терроризмге қарсы Қызылорда облыстық жедел штабымен жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.

Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

Қызылорда облыстық жедел штабы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика