Бейсенбі, 31 шiлде, 08:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Үздік маман – сапалы қызмет

30.07.2025

10

0

7f929934 4cc7 4a34 ac9e 39954dd3

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Бірыңғай байланыс орталығы бөлімдерінің бірі Қызылорда қаласында орналасқан. Ол жыл басынан бері 1 миллионға жуық қоңырауға жауап беріп, халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз етіп келеді.

Бірыңғай байланыс орталығының табысты жұмыс істеуіне үлес қосып жүрген мамандардың бірі – қызылордалық Жанар Қасымова Исмаилбекқызы. Ол корпорацияда он жылға жуық уақыт еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы ретінде бастаған Жанар Исмаилбекқызы бүгінде бірыңғай байланыс орталығының жетекші маманы қызметін абыроймен атқарып жүр. Оның кәсібилігі мен жауапкершілігі лайықты бағаланып, «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» өңірлік байқауында «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Үздік маман – сапалы қызмет

«Біздің басты міндетіміз – әрбір азаматтың сұранысына зейін қойып, сапалы қызмет көрсету. Бұл марапат мен үшін тек құрмет қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Алдағы уақытта да осы бағытта адал еңбек етуді жалғастырамын. Қолдау көрсеткен ұжымыма үлкен алғыс білдіремін», – дейді Жанар Исмаилбекқызы.

Айта кетейік, Сыр өңіріндегі орталыққа күніне орта есеппен 8 мыңға жуық қоңырау түседі. Әр операторға шаққанда 130-150 қоңыраудан келеді, ал мерекелік күндері бір маман 200-ге жуық қоңырауға жауап беріп, азаматтарға ақпараттық қолдау береді.

Мұндай жетістіктер өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуына, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге және халықтың мемлекеттік қызметтерге деген сенімін нығайтуға бағытталған нақты қадамдардың жемісі екені сөзсіз.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика