Жексенбі, 24 қараша, 00:14

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тұрғындар белсенді түрде мәслихат депутаты болуға үмітті кандидаттарға дауыс беруде

31.03.2024

231

0

Тұрғындар белсенді түрде мәслихат депутаты болуға үмітті кандидаттарға дауыс беруде

Қызылорда облысында шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау науқаны өтуде. Сайлау тек №15, №14, №1 округте ғана, яғни облыстық мәслихат пен Арал, Жаңақорған аудандық мәслихаты депутатын сайлау үшін өткізуде.

Мұнда 27 учаске жұмыс жасайды. Барлығы 189 комиссия мүшесі сайлау процесін ұйымдастыруға жауапты.

Сайлаушылар тізіміне енген тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өздері қалаған кандидатқа дауыс бере алады.

Сайлаушылар үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер атты» сервис іске қосылған. Қызылорда қаласының және Арал, Жаңақорған ауданының тұрғындары saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай табады.
Жергілікті әкімдіктің қолдауымен енгізілген платформада тұрғындар өз учаскесін анықтағаннан кейін оған баратын жолдың сызбасын да көре алады.

Қазіргі таңда учаскелерге келген дауыс беруші азаматтардың үлесі басым. Олар өздері қалаған кандидатқа дауыс беріп, азаматтық жауапкершілік танытуда.
Айта кетейік, Қызылорда облысының мәслихат депутаттығына 3 кандидат, Арал аудандық мәслихаты депутаттығына 3 кандидат, Жаңақорған аудандық мәслихаты депутаттығына 4 кандидат тіркелген.

FB_IMG_1711864641381.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика