Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 16:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт талаптары түсіндірілді

17.12.2025

6

0

6a36c9aa 4bec 4b20 8474 a2955a8fb1f1

«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттарын нығайту бағытында түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Іс-шара барысында серіктестіктің комплаенс офицері, әкімшілік және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б. Шайхназаров Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде «Сыр медиа» ЖШС-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілгенін атап өтті.

Түсіндіру барысында стандарттың негізгі талаптары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар қызметкерлердің жауапкершілігі мен ішкі бақылау тетіктерінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Б. Шайхназаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың талаптарын сақтау әрбір қызметкердің міндеті екенін атап өтіп, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын ұстану ұжымның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуінің басты кепілі екенін жеткізді.

Аталған бағыттағы жұмыстар серіктестікте алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика