Референдумда дауыс беруге ниет білдірген азаматтардың арасында үйден өтініш қалдырған азаматтар да бар.
Облыста 4251 азамат үйден дауыс беруші өтініш қалдырған. Оның 685-і Қызылорда қаласында, қалғандары аудандардан берілген.
Өтінішке сәйкес учаскелік референдум комиссиясының екі мүшесі тасымалданатын жәшікпен бірге азаматтың үйіне барып дауыс беруге жағдай жасады.Үйден дауыс беруді қалаған азаматтардың бірі – Күлмариям Реметәліқызы. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны ретінде әрбір саяси науқанға азаматтық жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуда.
– Мемлекет үшін маңызды кезеңде әрбір азаматша үнсіз қалуға тиіс емес деп ойлаймын. Әр науқан кезде үйден дауыс беруге өтініш қалдырамын. Учаскенің комиссия мүшелері келіп дауыс алады, – дейді дауыс беруші.
Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді.
Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.
Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.