Жексенбі, 08 қыркүйек, 07:13

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалықтар енді тегін wi-fi қызметтерін пайдалана алады

09.07.2024

237

0

Қызылордалықтар енді тегін wi-fi қызметтерін пайдалана алады
Фото: technodom.kz

«Транстелеком» АҚ Қызылорда қаласында Қызылордатранстелеком филалы ағымдағы жылдың 18 маусымынан бастап Орталық алаңда Mesh-желі технологиясы бойынша Интернет желісіне тегін қол жеткізу аймағы жұмыс істейтінін хабарлайды. 

Free Wi-Fi диапазоны 420 метрді құрайды. Байланыстың сапасы жоғары болу үшін желі өзі автоматты түрде сізді қай түйінге қосу керектігін анықтап отырады. Сонымен қатар, Wi-Fi-дың бір түйінінен келесі басқа түйінге ауысуы арқылы қосылымды жоғалтпай қолдануға мүмкіндік береді.

«Қызылорда қаласында Wi-Fi желісін салу» жобасын Қызылордатранстелеком филиалы Облыс Әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыруда. Желінің тегін нүктелері Желтоқсан көшесі бойындағы орталық алаңда және Қызылорда қаласының сол жағалауында тұрғызылған жаңа автовокзал аумағында пайда болды. Жақын арада Жақаев көшесіндегі шығармашылық Арбат аумағында Интернет желісіне тегін кіру аймағын орнату жоспарлануда.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика