Бейсенбі, 02 қазан, 11:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық ғалым Президенттің қолынан «Парасат» орденін алды

01.10.2025

17

0

556262560 2409224336139731 4566967831187319670 n
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты.

– Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан. Сондықтан бүгін мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қызылордалық ғалым Президенттің қолынан «Парасат» орденін алды

Құрмет төрінен көрінген ұстаздардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева да бар. Ұлжан Нахатқызы ҚР Президентінің қолынан «Парасат» орденін алды.

Профессор 1983 жылдан бастап бүгінге дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін абырой атқарып келеді. Ғалымның 12 оқу-әдістемелік құралы, 2 монографиясы, 4 әдеби-зерттеу еңбегі мен 250-ден астам ғылыми мақаласы жарық көрген.

Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, сапалы кадр дайындауға арнаған Ұлжан Нахатқызы «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» және «ҚР-ның Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика