Сейсенбі, 17 қыркүйек, 01:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қыркүйек айының бірінші жексенбісі – мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні

02.09.2024

93

0

Қыркүйек айының бірінші жексенбісі – мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінгі Қазақстанның қарқынды даму үрдісін мұнай-газ саласының үлесінсіз елестету мүмкін емес. Қыркүйек айының бірінші жексенбісі – жер қойнауынан қара алтынды игеріп, экономиканың дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан мұнай-газ кешені қызметкерлерінің меншікті мерекесі. 

Мұнай-газ кешені өңіріміздің ғана емес егемен еліміздің әл-ауқатының іргетасы, әлеуметтік саланы дамытудың негізгі драйверлерінің бірі, өнеркәсібін өрге сүйрейтін локомотиві. Сол себепті мемлекетіміздің қуатты жүйесі қазақстандық экономикада елеулі рөл атқарады. Мерейлі күн қарсаңында  «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев пен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» Ардагерлер кеңесінің төрағасы Барлыбай Биманов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мерекенің маңызын айтып, атқарылған жұмыстарды баяндап берді.

– Мұнай-газ саласы – ел экономикасының жекешкі секторы. 38 жылдың ішінде компаниямыз 84 млн тонна мұнай шығарды. 2002-2003 жылдары 5 млн тауып жүрдік. Бұл ең үздік көрсеткішіміз деп айтуға болады. Осы Қызылорда облысындағы компаниялардың басшылық қызметіндегі көп адам бізден шыққан. Біздің тәлім-тәрбиемізді алып, бүгінде осы саланың шыңына шыққан мамандардың да саны көп. Біз олармен мақтанамыз. Бүгінгі таңда компанияда 1 332 адам жұмыс істейді. Оның 95 пайызын қызылордалықтар құрайды. Атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Осы орайда, облыс әкімдігіне алғыс айтамыз. Осы салаға еңбегі сіңген азаматтар марапат төрінен көрініп, ыстық ықыласқа бөленіп жатыр. 1 қыркүйек күні біз бұл мерекені Құмкөлде атап өтеміз. Өткен жексенбіде 125 жылдыққа байланыс өткізілген спартакиаданы аяқтадық. Оның да жеңімпаздары сол жақта марапатталатын болады,- деді Болат Елеуұлы.

Бүгінде бізде 261 ардагер бар. Жалпы, біздің компанияның негізгі мақсаты – ардагерлерлің денсаулығына көңіл бөлу.

– Біздің арнайы спорт кешеніміз бар. Оның ішінде қаншама секциялар бар. Біздің ардагерлер сол секцияларда тегін жаттығып, өз денсаулықтарына жете көңіл бөледі. Біз зейнетке шықсақ та компания бізді ешқашан естен шығармайды. Үлкен жиындар мен маңызды жиналыстарға шақырып, жұмысқа қатысты ой-пікірлерімізді сұрайды. Осы орайда барша мұнай-газ кешені қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтаймын! Ардагерлерімізді ардақтап жүрейік,- деді Барлыбай Тоқсанбайұлы.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика