Бейсенбі, 25 желтоқсан, 14:42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қоғамдық келісім» КММ балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады

25.12.2025

10

0

novyj god 416eb378d1

Өнер орталығында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен этнос және мекеме қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық кеш өтті. Кешке этномәдени бірлестіктердің өкілдері және балалар қатысты.

Жаңа жыл мерекесіндегі шырша кешінде балғындар үшін қызықты мерекелік қойылым ұйымдастырылды. Балалар ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті.

Аяз ата барша балғындарға жаңа жылдық жақсы тілек арнады.

Кеш соңында 180 балаға тәтті сыйлықтар таратылып, өз кезегінде ата-аналар ұйымдастырушыларға рақмет айтып, ризашылығын білдірді.

новый год.jpg
601951470_4278370752482072_8913462330007641031_n.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика