Сенбі, 23 қараша, 23:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі

01.04.2024

306

0

«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі
Фото: NewTimes.kz

«Қазақстан халқына» қоры еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы қордың Telegram-арнасында жазылды.

Қордың мәліметінше, 31 наурызда «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі өткен.

“Тұжырымдамаға сәйкес Қордың мақсаттарының бірі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету болып табылады. Осыған байланысты Қор Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсететін болады”, – делінген хабарламада.

Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тану фактісі болып табылады.

“Сондай-ақ, Қор тарапынан 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйеніп, ауылдық елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен осындай 200 үй салуға болады деп пайымдайды. «Қазақстан халқына» қоры ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен Қазақстан үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық шараларын қолдайды”, – делінген хабарламада.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика